Ел тынысы

Дубайдағы UAE SWAT Challenge турнирінде жеңіс тұғырынан көрінуде

Қазақстан арнайы жасақтары командаларының Дубай қаласында (БАӘ) өтіп жатқан UAE SWAT Challenge сайысындағы жеңісті жолы бүгін де жалғасты. Төрт күннің нәтижесі бойынша Қазақстан командасы үздік ондықта. “Мұнараға шабуыл” атты төртінші кезеңде Қазақстанның құрамасы жеңіс тұғырына көтерілді. “Kazakhstan В” алтын жүлдегер атанды, ал “Kazakhstan С” үшінші орынды жеңіп алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

109 команда арасында бесінші орында “Kazakhstan А” құрамасы. Әйелдер арасында тағы да үздік шыққан “Tomiris” қыздар командасы ондаған ерлер құрамаларын артта қалдырып, турнир кестесінде 18-орында тұр.

Төрт кезең нәтижесі бойынша еліміздің құрамалары озып тұр. “Kazakhstan С” — ең жоғарғы ұпаймен UAE SWAT Challenge алтынынан үміткер. Төрт күнгі жетістігімен екінші орында “Kazakhstan А” сенімді тұр.

“Kazakhstan В” мен “Tomiris” турнир кестесінің 12 және 13-орнында. Элиталық турнирдің бір кезеңі ғана қалды. Жеңімпаздар бесінші кезең қорытындысына және жалпы ұпай санына қарай анықталады.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button