Донорлықты қолдауға арналған жүгіру-фестивалі өтеді

10 тамыз, жексенбі күні таңғы 5:30-дан бастап ЭКСПО аумағында «Jüregımnıñ Jeñımpazy» жүгіру-фестиваліне қатысу үшін 5000-нан астам адам жиналады. Іс-шара ағза трансплантациясын күтіп жүрген пациенттерге қолдау көрсету мақсатында өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
«Бұл жай ғана спорттық шара емес, донорлық тақырыбына деген қоғам көзқарасын өзгертетін бастама», – дейді жүгіруді ұйымдастырушылар – Heart Center Foundation қоғамдық қоры.
Фестиваль 5:30-дан бастап жұмысын бастайды, ал жүгіру 7:00-де басталады.
Қатысушылар үшін жанды музыка, зумба, флешмоб, фудкорт, жәрмеңке, шеберлік сабақтары және сыйлықтар ұтысы ұйымдастырылады.
Хэдлайнерлер – KOBA және Дастан Оразбеков.
Фестиваль қалашығы ЭКСПО аумағындағы Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған монумент маңында орналасады.
Таңғы 5:30-да қалаған барлық адам жүгіруге дайындалу және күні бойы қуат алу үшін йога бойынша таңғы шеберлік сабағына қатыса алады.
Жүгіру басталуы ұйымдастырушылардың құттықтау сөзінен кейін сағат 7:00-ге жоспарланған. Барлығы үш қашықтық ұсынылады – 10 км, 3 км және 1 км.Тіркелу сілтемесі: https://hcf.kz/ru/events/juregimnin-jenimpazy