Мәдениет

Домбырамен шығарманы орындаудағы концертмейстердің рөлі

Кәсіби музыкалық білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде Музыкалық білім беру педагогикасы саласында да, қосымша білім беру музыкалық мектептерінің концертмейстерлерінің кәсіпқойлығы саласында да талаптар айтарлықтай өсті. Домбыра аспабын үйретуде концертмейстердің болуы — солистпен бірге шығарманың көркемдік концепциясын жеткізу, орындаушыға қолдау көрсету, музыканы терең түсіну, әртүрлі стильдерді меңгеру және аудиториямен байланыс орнатуды талап етеді, бұл солистке (әншіге немесе аспапта орындаушыға) сахнада өзін еркін сезініп, шығарманы толық ашуға мүмкіндік береді. Концертмейстерлік қызметтің мақсаты-оқушылардың білім беру бағдарламаларын табысты меңгеруіне ықпал ету, балалар мен жасөспірімдерді эстетикалық тәрбиелеу, оқытушылар және оқушылармен тандемде жұмыс істеу, орындаушылық конкурстарға қатысу.

Концертмейстерге өзінің шеберлігі мен музыканы оқушының қабілеті мен орындаушылық мәнеріне бейімдеуге тура келеді. Әсіресе ұлттық аспапты сүймелдеу кезінде жеке ерекшелігін сақтау қажет. Қазіргі жағдайда концертмейстердің психологиялық құзыреттілігі оның орындаушылық және педагогикалық қабілетіне, парақтан оқу және транспондау дағдыларына қарағанда маңызы кем емес. Жауапты концерттер, конкурстық қойылымдар барысында қалыптасатын кейбір жағдайларда концертмейстер толық мағынада психологтың қызметін атқарады, ол солисттің шамадан тыс кернеуін, сахнаға шығар алдында жағымсыз фонды азайта алады, әртістік көңіл-күй үшін нақты ашық ассоциативті кеңес таба алады. Концертмейстер әрдайым қатар жүргенде, сәтсіздікті өткеруге, олардың себептерін түсіндіруге көмектеседі. Концертмейстер жұмысының ерекшелігі — ол «әмбебап»музыкант болуға тура келетіндігі.

     «Домбыра» пәніндегі концертмейстердің міндеттері мен қасиеттері:

  • Музыкалық сүйемелдеу: Солистпен бірге шығарманың музыкалық-көркемдік идеясын толық ашу.
  • Коллективтік ойлау: Солисттің ойын, сезімін, ырғағын сезіну және сәйкестендіру.
  • Жоғары кәсібилік: Әртүрлі музыкалық дәуірлер мен стильдерді, соның ішінде көне және қазіргі композиторлардың шығармаларын білу.
  • Концерттік қызмет: Сахнада тұрақты болу, орындаушылыққа деген сүйіспеншілік, аудиториямен байланыс орнату.
  • Репертуарды байыту: Фортепиано репертуарын кеңейту, халық аспаптар ансамбліне арналған партитуралар жазу.

Орындаушының рөлі:

  • Концертмейстермен бірге шығарманы бір бүтін ретінде көрсету.
  • Өзінің аспабындағы шеберлігін, музыкалық қабілетін толық көрсету.
  • Аудиторияны музыканың әлеміне тарта отырып, өз идеясын жеткізу.

Қорыта айтқанда, домбыра концертмейстері мен орындаушы – бұл бір команда, олар бір-біріне сүйене отырып, музыкалық шығарманы ең жоғары деңгейде жеткізуге тырысады.

Нұрхан Айжарықов,

Астана қаласы әкімдігінің «№2 өнер мектебі»  ШЖҚ МКК

домбыра пәнінің педагогі, педагог-зерттеуші

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button