Әлеумет

Діни сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесулер өтті

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Астана қаласының тұрғындарымен кездесіп, ақпараттық түсіндіру жүргізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Аталған кездесу жұмысының мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмысын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып саналады. Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 700-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға «Qamqor-Astana» ҚҚ «Ақпараттық-түсіндіру жұмысы» бөлімінің лекторы Арман Нұрахметұлы, «Дінтанушылар конгресі» ҚБ төраға орынбасары Арулан Қуатов, «Qamqor-Astana» ҚҚ теологы Дастан Сақан, «Qamqor-Astana» ҚҚ бөлім басшысы Нұрсұлтан Жаншин, дінтанушы, психолог секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.

Түсіндіру тобының мүшелері халық арасында «Интернет кеңістігі арқылы таратылатын деструктивті діни ағым идеологиясының қауіптілігі», «Еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні», «Әлеуметтік желілердегі деструктивті діни ағымдардың зияны», «Деструктивті жалған діни және радикалды идеялардың қауіптілігі», «Зайырлылық түсінігі және оның маңыздылығы» және т.б тақырыптарда түсіндіру жүргізді.

Кездесу барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында жергілікті тұрғындар, әскери қызметкерлер, мектеп оқушылары, мемлекеттік қызметшілер, жастар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, спортшылар мен жаттықтырушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button