Қоғам

Діни сауаттылықты арттыруға арналған профилактикалық акция өтті

Астанадағы орталық базарда «Ашық алаң» атты ақпараттық акция өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Өскелең ұрпақты тәрбиелеу – ұлт болашағының негізі», деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Акцияны «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры Астана қаласының Дін істері басқармасының қолдауымен Балаларды қорғау күні мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – елорда тұрғындарының деструктивті діни ағымдардың қаупі мен салдары туралы хабардарлығын арттыру, діни сауаттылықты көтеру, діни қызмет саласындағы заңнамамен таныстыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

«Акцияға қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Іс-шара аясында Отан, білім, ұлттық тәрбие туралы мақал-мәтелдерді білуге арналған викторина, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қатысты сұрақтар қойылған байқау ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, акцияға белсенді қатысқан волонтерлер де алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды», – деп мәлімдеді Дін істері басқармасы.

Қатысушыларға отбасылық құндылықтарды сақтау мен дамыту тақырыбында мағлұмат берілді. Оларға ұлттық құндылықтар, салт-дәстүр, тарих және діни сауаттылық жайлы ақпараттық материалдар таратылды.

«Іс-шара барысында қала тұрғындарына деструктивті діни ағымдардың зияны туралы ескерту жасаған, ел аумағында тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімі көрсетілген, сенімді ақпарат көздері мен діни қызмет саласындағы заң нормалары жайлы мәлімет қамтылған 2000-нан астам ақпараттық брошюра таратылды», – деп хабарлады ұйымдастырушылар.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button