Қоғам

Дін және цифрлық трансформация тақырыбында семинар өтті

Елордада «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы қолдауымен QAMQOR-ASTANA қоғамдық қоры мемлекеттік қызметшілерге арналған «Цифрлық трансформация және дін: Қоғамдық сананың жаңа форматы» тақырыбындағы семинар ұйымдастырды, деп хабарлады astana-akshamy.kz.

Семинарға Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Басир Сұлтанбейбарыс, Maqsut Narikbayev University Жеке құқық департаментінің оқытушысы Асқар Сабдин, дінтанушы, сарапшы, Қазақстан дінтанушылары қауымдастығының мүшесі Александр Антипин, Қазақстан Республикасы Психологтар мен психотерапевттерінің республикалық қауымдастығының сарапшы-психологы, «тәуекел тобы» бойынша БҰҰ-ның (Орталық Азия аймағы) халықаралық сарапшысы Лола Шакимова қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, құзыреттерін нығайту, сондай-ақ цифрлық дәуір жағдайында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алудың заманауи тәсілдерін дамыту.

Іс-шараға, негізінен, құқықтық саладағы мемлекеттік қызметкерлер қатысуда. Сондай-ақ әр мекемеде экстремизмге қарсы комиссияның мүшесі бар.

Оларға біз жылда дін саласындағы мемлекеттік саясатта қандай өзгерістер болып жатқаны туралы түсіндіреміз. Бүгін де осы бағытта болашақта қандай мақсаттармен жұмыс істелетінін айқындап, нақты қадамдарды белгілейтін боламыз», — деді QAMQOR-ASTANA қоғамдық қоры директорының орынбасары Алмас Ерназаров.

Семинар тыңдаушыларына діни заңбұзушылықтар мен айыппұлдар, цифрландыру жағдайында туындайтын заманауи сын-тегеуріндер мен тәуекелдер, онлайн кеңістікте діни идеялардың таралу ерекшеліктері, деструктивті идеологияларға қарсы іс-қимылдың тиімді тетіктері және мемлекеттік қызметшілердің тұрақты әрі қауіпсіз ақпараттық өрісті қалыптастырудағы рөлі туралы дәрістер оқылды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button