Ел тынысы
Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді

Димаш Құдайбергенге Қырғызстанның халық әртісі атағы берілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Чолпон-Ата қаласындағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының орталық ипподромында «Мейкин Азия» IV халықаралық музыка фестивалінің финалы өтті.
Қырғыз Республикасы Президенті Садыр Жапаровтың жарлығы бойынша Қазақстанның халық әртісі, әнші әрі композитор Димаш Құдайбергенге «Қырғыз Республикасының халық әртісі» құрметті атағы берілді.