Ел тынысы

Digital Nauryz аясында ЖИ бойынша ашық оқыту іс-шаралары өтеді

2026 жылғы 17-18 наурыз күндері Наурызнама онкүндігі аясында еліміздің барлық өңірлерінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктеріне арналған ашық оқыту іс-шаралары өткізіледі. Бұл бастама «Digital Nauryz» мерекесіне және Цифрландыру және жасанды интеллект жылына орай ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап. 

Кездесулер барысында қатысушыларға жасанды интеллектті бүгіннің өзінде күнделікті өмірде, жұмыста және оқуда, контент жасауда, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алуда қалай қолдануға болатыны түсіндіріледі. Бірқатар өңірлерде AlemGPT платформасының, яғни Жасанды интеллекттің ұлттық платформасының мүмкіндіктері де таныстырылады.

Өңірлерде ашық оқыту іс-шараларын өткізу халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға және Қазақстанда жасанды интеллектті пайдалану мәдениетін кеңінен дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button