Ел тынысы

Дэвис кубогы: Қазақстан құрамасы Монакомен кездеседі

Астанада 6-7 ақпан күндері Дэвис кубогының іріктеу кезеңінің матчтары өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстанның ерлер ұлттық құрамасы Әлемдік бірінші топ матчы аясында әлемдік теннис элитасында қалу құқығы үшін Монако командасымен бақ сынайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қазақстан осы жекпе-жекке барынша мықты құрамын шығарады. Бапкерлер штабы өз бабында өнер көрсетіп жүрген барлық көшбасшысын мәлімдеді: Александр Бублик, Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев, Тимофей Скатов, Дмитрий Попко және Денис Евсеев.

Кездесулер «Beeline Arena» ұлттық теннис орталығының жабық хард кортында өтеді. Турнир бағдарламасына төрт жекелей және бір жұптық жекпе-жек кіреді. Барлық матч үш сеттік форматта болады.

Қазіргі уақытта Қазақстан ерлер құрамасы әлемдік командалық рейтингте (Davis Cup Nations Ranking) 31-орында, ал Монако командасы 44-сатыда тұр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button