Ел тынысы

Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы құрылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берген тапсырмаларын іске асыру аясында Стратегиялық жоспарлау және реформалар Агенттігі жанында Демографиялық процестерді талдау және болжау орталығы ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Орталықтың құрылуы – қазіргі заманғы демографиялық сын-қатерлерге дер кезінде берілген жауап әрі ұзақ мерзімді әлеуметтік-экономикалық саясатты қалыптастырудағы маңызды қадам. Динамикасы жоғары өзгерістер жағдайында ол демографиялық үрдістерді терең зерделеп, мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеуге ықпал ететін негізгі алаңға айналады.

Жасанды интеллект пен үлкен деректерді қамтитын заманауи технологияларды пайдалану арқылы Орталық демографиялық өзгерістердің жасырын заңдылықтарын айқындап, ықтимал сценарийлерді модельдеуге және олардың салдарын болжауға мүмкіндік береді.

Жаңа құрылымның басты міндеті – деректерді жинақтаумен шектелмей, кешенді талдау жүргізу, негізделген ұсыныстар әзірлеу және оларды мемлекеттік шешімдер қабылдау ісінде қолдану. Орталықтың жұмысы арқылы аналитика нақты саясатқа айналады: әлеуметтік қорғау мен зейнетақы жүйесінен бастап, жұмыспен қамту, аймақтық даму және көші-қон мәселелеріне дейін.

Орталықтың миссиясы – мемлекеттік органдарды отбасы саясаты, денсаулық сақтау, білім беру, еңбек нарығы, инфрақұрылымдық даму және әлеуметтік қолдау салаларында тиімді шешімдер қабылдауға қажетті сенімді талдамалық база мен болжамдармен қамтамасыз ету. Бұл елдің тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға ұзақ мерзімді үлес қосады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button