Қоғам

Демалыста жәрмеңке жалғасады

Астанада 19-20 шілде күндері аралығында кезекті қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жәрмеңкеде қала тұрғындары мен қонақтарына еліміздің түрлі өңірлерінен келген жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілері мен шаруа қожалықтарынан жеткізілген азық-түлік өнімдерінің кең ауқымы ұсынылады. Келушілер мұнда жаңа піскен көкөністер мен жемістерді, ет пен ет-сүт өнімдерін, нан-тоқаш өнімдерін, бал, тосап, табиғи шырындар мен өзге де тауарларды тиімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке 19 және 20 шілде күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін «KERYEN JOLY» сауда орталығында, Алаш тас жолы, 35 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.

Айта кетейік, елордада Бейбарыс Сұлтан көшесі, 23 мекенжайында (RIO DE JANEIRO тұрғын үй кешенінің қарсы бетінде) ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Ол күн сайын сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жұрттың ыңғайлылығы үшін жәрмеңке маңынан № 2, 32, 49, 50, 73 бағытындағы автобустар қатынайды, бұл іс-шара өтетін орынға қолайлы жетуді қамтамасыз етеді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button