Ел тынысыСаясат

Дауыс беру учаскесіндегі ыстық шай мен бауырсақ

Референдум күні №1 дауыс беру учаскесінде тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. Учаскеге келген азаматтарға арнайы ыстық шай ұсынылып, бауырсақ тартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл- тұрғындарға жайлы жағдай жасап, көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған. Дауыс беруге келген адамдар шай ішіп, бауырсақтан дәм татып, бір-бірімен пікір алмасып, елдегі маңызды саяси оқиғаға атсалысып жатты.

Тұрғындар көрсетілген ілтипатқа ризашылықтарын білдіріп, мұндай жылы қабылдау дауыс берушілердің көңіл күйін көтере түсетінін айтты. №1 учаскеде дауыс беру үдерісі қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп жатыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button