Дарынды оқушыларға арналған STEM-жаттығу лагері басталды

Астана қаласындағы №8 лицейде 9-14 жас аралығындағы дарынды оқушыларға арналған бес күндік тегін STEM-жаттығу лагері өтіп жатыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Лагерьді қалалық әкімдіктің қолдауымен «Астана дарыны» орталығы ұйымдастырды.
Бағдарлама үш негізгі бағытты қамтиды – робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект. Алғашқы күннен бастап балалар асқан қызығушылықпен робот құрастырып, оларды іске қосып, визуалды бағдарламалау тілдерін меңгеріп жатыр.
Практикалық тапсырмаларға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл оқушыларға тек оқып қана қоймай, алған білімнің шынайы өмірде қалай қолданылатынын түсінуге көмектеседі.
«Біз ғылымның қызықты, тартымды әрі өміршең екенін көрсеткіміз келеді. Басты мақсатымыз – балалардың зерттеуге деген шынайы ынтасын оятып, білім арқылы өздерін танытуына мүмкіндік беру. Бірінші күн өте жоғары эмоционалды деңгейде өтті: аудиторияларда шынайы ынта мен командалық рух сезілді. Балалар бір-бірімен дос болып, келесі сабағын асыға күтуде. Алда – тағы төрт күн жаңалықтар, жобалар мен жаңа білім күтіп тұр», – деді «Астана дарыны» орталығының директоры Жанар Бейсенбаева.
Лагерь маусымы 27 маусым күні қатысушыларға сертификат табыстаумен салтанатты түрде аяқталады.