Басты ақпаратЕл тынысы

Дәстүр дәріптелді

Астанадағы Ататүрік саябағында «Көрісу күні – Амал мерекесі» атты ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға мәдениет қайраткерлері, елордалық білім беру мекемелерінің балалар ұжымдары және этномәдени орталықтардың шығармашылық ұжымдары қатысты.
Шараның мақсаты – халқымыздың көп ғасырлық мәдени мұрасын, ұлттық өнері мен дәстүрлерін кеңінен насихаттау болатын.

— Бүгінгі мерекелік көңіл күй керемет. Ауқымды шара ұйымдастырған ағайынға алғыс айтқым келеді. Дәстүрді дәріптеп, мәдениетіміздің ұлықталып жатқаны салт-дәстүрдің кеңінен насихатталуы елдігімізді көрсетеді. Қазақтың баба дәстүріне таңдай қағып жүрген өзге елдің азаматтарын көргенде бойыңды сезім билейді екен. Бүгінгі күніме шүкір айтып тұрмын, -деді жазушы Қанат Әбілқайыр.

— Бүгінгі шарада ел бірлігі мен ұлттың болмысын көрсетуді, сондай-ақ жасанды интеллект арқылы ұлттық дәстүрлермен байланыс орнатуды басты мақсат еткен екен. Соған куә болып тұрмын. Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтарына көктемнің келуін, табиғаттың жаңаруын, ежелгі дәстүрлер мен ұлттық салт-жораларды бейнелейтін театрландырылған қойылымдар және интерактивті бағдарламаларды ұсынғандары ерекше болды, — деді Астана қаласы “Бірлескен музейлер дирекциясының” Бас ғылыми қызметкері Қабиден Қуанышбай.

Іс-шара барысында заманауи AI-аймақ (жасанды интеллект аймағы) да жұмыс істеді. Сонымен қатар ұлттық музыкалық аспаптар мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

Асантемір ҚАРШЫҒАҰЛЫ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button