Әлеумет

Дәстүр дәмі: Сервис және туризм колледжінде ұлттық тағамдар дәріптелді

Елордалық «Сервис және туризм колледжі» ШЖҚ МКК базасында мектеп оқушыларына арналған «Ұлттық тағам – ұлт қазынасы» атты танымдық шеберлік сыныбы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақты қазақ халқының дәстүрлі тағамдарымен таныстыру, олардың дайындалу ерекшеліктерін көрсету және ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдени мұраны дәріптеу, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Шеберлік сыныбы барысында колледждің тәжірибелі оқытушылары мен студенттері оқушыларға қазақтың дәстүрлі тағамдарын дайындау технологиясын көрсетіп, олардың шығу тарихы мен тағамдық құндылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Қатысушылар ұлттық тағамдарды әзірлеу процесін көріп қана қоймай, дайын тағамдардың дәмін татып, қазақтың бай аспаздық мәдениетімен жақынырақ танысу мүмкіндігіне ие болды.

Колледж өкілдерінің айтуынша, «Мұндай танымдық кездесулер жастардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттырып, қазақ халқының бай аспаздық дәстүрлерін насихаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, шара мектеп оқушыларына кәсіптік білім беру саласының мүмкіндіктерін таныстырып, болашақ мамандық таңдауға бағыт-бағдар беруді көздейді.

«Ұлттық тағам – халқымыздың мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігі. Осындай шеберлік сабақтары арқылы жастар ата-баба мұрасын тереңірек танып, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауды үйренеді», деп атап өтті іс-шара ұйымдастырушылары.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button