Ел тынысы
Дәріні «Бір терезе» қағидатымен тіркеудің пилоттық жобасы іске қосылды

Қазақстанда «Бір терезе» қағидаты бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазіргі заманғы тиімділігі жоғары дәрілік препараттарды елімізде айналымға енгізуді жеңілдету үшін Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды тіркеу мерзімдерін қысқарту, оның ішінде «бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметті енгізу бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
«Қазіргі уақытта Цифрландыру министрлігімен бірлескен бұйрық шеңберінде осы композиттік қызметті пилоттау жүргізілуде. Композиттік қызмет шеңберінде ішкі процестерді оңтайландыру есебінен 100 күн ішінде дәрілік препараттарды тіркеуді көздейтін норма іске асырылады», – деді спикер.
Спикердің айтуынша, сондай-ақ ЕО елдерінен, Жапониядан, АҚШ-тан, Ұлыбританиядан әкелінген дәрі-дәрмектерді 15 жұмыс күні ішінде жедел тіркеу қарастырылуда.