Ел тынысы

Дәрігерлер тапшылығы 20 пайыз қысқарды

Медицина қызметкерлерінәсіресе ауылдық елді мекендергетарту және бекіту үшін мемлекеттік қолдау шараларыныңкешені іске асырылуда:

әлеуметтік кепілдіктер беру;

тұрғын үй жағдайын жақсарту;

материалдық ынталандыру.

2024 жылы Мемлекет басшысы медицина және фармацевтика  қызметкерлерінің  құқықтары  мен  мүдделерін  қорғауға бағытталған Қазақстан Республикасының Заңына қол қойдыБұл  мамандыққа  деген сенімділікті арттырудың және  оның  беделін  арттырудың  негізгі  қадамы  болды.

Осы шаралардың нәтижесінде 2024 жылдың қорытындысыбойынша дәрігерлердің тапшылығы 3 986 бірлікті құрадыбұл 2023 жылмен салыстырғанда 20% аз.  Орташа медициналық персонал  бойынша  тапшылық 4 230, 75  бірлікті  құрапөткен  жылмен  салыстырғанда 7%-ғатөмендеді.

2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша барлықведомстволық мекемелерді қоса алғандаҚазақстанРеспубликасының денсаулық сақтау жүйесінде шамамен275 мың медицина қызметкері жұмыс істейдіоның ішінде:

* 83 мыңнан астам дәрігер;

* 191 мыңға жуық орта медициналық маман.

Бүгін ОКҚ брифингінде Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша:

«Соңғы үш жылда біз медицина кадрлары санының өсуібойынша тұрақты оң динамиканы байқап отырмыздәрігерлер саны 2%-ға, ал орта медицина қызметкерлері 0,5%-өстіБүгінгі  таңда  Қазақстанда  медициналық кадрлармен  қамтамасыз ету  ЭЫДҰ  елдерінің  орташа көрсеткіштерінен  асып түседібұл іске асырылып жатқан кадр саясатының тиімділігін растайды»

Заңның негізгі ережелері және іске асырылатын шаралар:

*2024  жылдың  қазан  айынан  бастап  186 мыңнан  астам медицина  қызметкерін  қамтыған  кәсіби  жауапкершілікті сақтандыру  жүйесі енгізілді.

Ауылға 5 жыл және одан да көп мерзімге жұмысқашығатын тапшы мамандықтардың дәрігерлеріне 100 ЕТЖ (8,5 млн теңгемөлшерінде  біржолғы  жәрдемақы  төленедіҚазірдің  өзінде  254 дәрігер  жалпы  сомасы  2,1 млрд теңгеденастам төлем алды.

Денсаулық сақтау министрлігі кадрлық әлеуетті нығайтуға, медицина  қызметкерлерін  қорғауға  және  бүкіл денсаулық сақтау  жүйесін  орнықты  дамытуға  бағытталған  кешенді реформаларды  іске  асыруды  жалғастырады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button