Дәрігерлер ерекше акция арқылы жаңа Конституцияны қолдады
Елордада Ұлттық балаларды оңалту орталығының медицина қызметкерлері Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын қолдауға арналған акцияға қатысты. Бұл туралы astana-akshamy.kz «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясына сілтеме жасап хабарлады.
Акция барысында дәрігерлер «құсбелгі» белгісі мен «15» санын бейнелеп сапқа тұрды. Осылайша олар 15 наурызда өтетін алдағы референдумды қолдайтындарын білдірді. Бастама азаматтық белсенділікті арттыруға және референдумның маңызын түсіндіруге бағытталған.
Іс-шараға елорданың денсаулық сақтау саласынан шамамен 150 маман қатысты.
Айта кетейік, елордада Қазақстан Республикасының Конституциясының жаңа жобасының негізгі ережелерін түсіндіруге бағытталған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Оның аясында еңбек ұжымдарымен, кәсіпкерлер қауымдастығымен, жастармен және қоғам өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылуда.
#референдум2026
#ЖаңаКонституцияҮшін
#ЗАновуюКонституцию
#АтаЗаң
#15наурыз
#АтаЗаңдыҚолда



