Денсаулық
Дәрігерге шабуыл: жаза қандай?

Ақмарал Әлназарова дәрігерлерге шабуыл жасағандар қандай жаза арқалайтынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Денсаулық министрлігі құжаттың жобасын әзірледі. Оған сәйкес, Қылмыстық кодекске жаңа 158-1 бап енгізіледі.
Онда келесі нормалар көзделген:
дәрігерге күш қолдану қаупі төнсе және бұл дерек дәлелденсе – 2 жылға дейін бостандығын шектеу;
бір медицина қызметкеріне шабуыл жасалса – 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
шабуыл ТЖ кезінде болса – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
бірнеше медицина қызметкеріне қауіп төндірсе – 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Қыркүйекте түзетулер Парламентке енгізіледі.