Қоғам
Цирк актерлері гастроль соңында «Таза Қазақстан» акциясын өткізді

Астанада аты аңызға айналған Мұтырғановтар әулеті жетекшілік ететін «Ретро Шапито циркі» өз гастрольдерін тәмамдады. Қорытынды қойылымнан кейін әртістер республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясын қолдап, аренаны ретке келтірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Гастроль барысында елордалық көрермендер акробаттар, жонглерлер, иллюзионистер мен клоундардың ерекше өнерін тамашалады.
Мұтырғановтар әулетінің өнерпаздары шоуға келген қонақтарды әрдайым таза аренада қарсы алды.
Акция аясында әртістер қойылымнан соң аренаны өздері жинап қана қоймай, көрермендер де сырт қалмай, трибуналарды қоқыстан тазартып, туған қаласына деген қамқорлық пен жанашырлық танытты.