Ел тынысы
Цифрлық коммуникацияларды қорғау нормалары уақыт талабына сай келді

Конституция жобасындағы цифрлық коммуникацияларды қорғау нормалары толықтай дұрыс әрі уақыт талабына сай, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Хат алмасу, банктік құпия және цифрлық коммуникацияларды қорғау — жеке өмірге қол сұқпаушылықтың заманауи көрінісі. Ұсынылып отырған ережелер халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және адамның негізгі құқықтарын цифрлық кеңістікте де тиімді қорғауға бағытталған.
Цифрландыру күшейген қазіргі жағдайда азаматтардың жеке деректерінің қауіпсіздігі ерекше маңызға ие. Осы тұрғыдан алғанда, бұл норма адам құқықтарының жаңа технологиялармен бірге дамып отырғанын көрсетеді және құқықтық мемлекеттің заманауи сипатын айқындайды.



