Шаһар шежіресі

Целиноград фарфор зауыты

1931 жылы Ақмола ауданында геологиялық зерттеу нәтижесінде жоғары сұрыпты каолин ақ топырақ табылады. Көп ұзамай, 1937 жылы осы өңірде фарфор зауыты ашылады. Оның үш бірдей бөлімшесі жұмыс істеген.

Бірінші фарфор пешін пеш шебері Адольф Фрейтер салған. Зауыт «түзету жүйесіндегі тұтқындарды» қамтамасыз ету үшін тұрмыстық фарфор ыдыс­тарын шығаруға маманданған. Олар ыдыс-аяқ қалыптары, вазалар, сәндік табақтар, сыйлық саптыаяқ­тары және фарфордан жасалған мүсіндер жасады. Зауытта екі мыңға жуық тұтқын жұмыс істеді, олардың көпшілігі Ақмола лагерінің («АЛЖИР») әйел­дері еді.

1960 жылдары тұрмыс­тық фарфор тапшылығын ескере отырып, қуаттырақ зауыт салу туралы шешім қабылданды. Жаңа зауыт 1972 жылы ашылды. Зауыттың қайта жандануы 1982 жылы «Тың жерінің фарфорына 10 жыл» деген жазуы бар кәдесый бұйымдарын шығарумен атап өтілді. Өндіріс орны жаңғыртылғаннан кейін М.В.Ломоносов атындағы Ленинград фарфор зауытының үлгілері өндіріске енгізіледі. 1990 жылы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік меншік реформасына байланысты «Целинфарфор» жалға алынған кәсіпорынға айналып, соңыра «Цефар» акционерлік қоғамына айналды. 1997 жылы өнеркәсіп банкрот деп танылып, заңды тұлға ретінде таратылды.

 Ғазиза ИСАХАН

Целиноград фарфор зауыты (жалпы көрініс) 1974 ж.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button