Руханият
-
Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес…
Астана қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мен AMANAT партиясы Алматы аудандық филиалының қолдауымен Қаламгерлер аллеясында қазақ руханиятының темірқазығы, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Шын хакім, сөзің асыл – баға жетпес» атты әдеби-шығармашылық кеш өтті. Дана ақынның рухани мұрасын ұлықтаған кешке Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, әдебиетсүйер қауым және Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының мүшелері қатысты. Қатысушылар қатарында…
Жалғасын оқу -
Шамшырақтай жол көрсеткен
Ұлы Абайдың туғанына 180 жыл толуына орай «Жарым адамнан – толық адамға» кітабының авторы, абайтанушы Сұлтан ЫБЫРАЙМЕН сұхбаттастық. – Абай күні қалай аталып өту керек? Дұрыс тойлап жүрміз бе? – «Абай күні» дегенде елімізде Абайды жылына бір еске алып, желідегі жұрт өлеңдерін оқып, челлендж жасап, әнін айтып, бұқаралық ақпарат құралдары ресми, формалды түрде еске алып, осындай бір сұхбат жариялап не…
Жалғасын оқу -
Ұлының ізіне үңіліп…
Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай ақынның туған еліне саяхат жасаған «Elorda Aqparat» медиахолдингі ұжымы үшін бұл сапардың тағылымдық мәні зор болды. «Абай жүрген жолдармен» танымдық-тарихи экспедициясы аясында ұйымдастырылған іс-шара кезінде ақын өмірі мен шығармашылығына қатысты тың және қызықты деректерге қанығып, хакімнің мерейтойы қарсаңында жергілікті билік тарапынан жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға куә болдық. Газетіміздің өткен нөмірінде жазғандай, бұл саяхатымыздың бағдары Күшікбай…
Жалғасын оқу -
«Ақмола ақиқаты»: 1996-ның оқиғалары
Бас жоспар жасалу үстінде 1995 жылдың қараша айының басында Тұрғын үй құрылысы және Аумақтарды көріктендіру министрлігі (Қазақстан Республикасының Құрылыс министрлігі) мен Қазақстан Республикасы Сәулетшілер одағы бірлесіп, Қазақстанның жаңа астанасы – Ақмола қаласының болашақтағы даму бейнесінің тұжырымды идеясын жасау жөнінде ашық конкурс жариялаған болатын. Конкурстың мақсаты аймақтық және табиғи-климат ерекшеліктерін ескере отырып, құрылыс салынатын жердің орайына сәйкес, қала құрылысының тұжырымды идеясын…
Жалғасын оқу -
Абайдың 180 жылдығына орай поэзиялық-музыкалық кеш өтті
Астананың Сарыарқа ауданына қарасты әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай жыры – мәңгілік мұра» атты поэзиялық-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Іс-шараға Абайдың шығармашылығын жоғары бағалайтын зейнеткерлер қатысты. Кеш ерекше көңіл күйде өтті: егде жастағы қатысушылар ақын өлеңдерін оқып, оның сөзіне жазылған әндерді орындап, Абай мұрасының өз өміріндегі маңыздылығы туралы…
Жалғасын оқу -
Шыңғысхан бейнесі қалай шыққан?
Әрдайым шығармашылық ізденіске толы, әр рөлі өзінше ерекшеленетін Жанқалдыбек Төленбаевтың қай кейіпкерін алсақ та, өзгеше. Режиссура барометрі Әзірбайжан Мәмбетовтің мектебінде шыңдалған актер қалың көрермендерін Мұқағали, Қарабай, Қалдан-Церен, Терек, Барақ сұлтан, Маман, Кеңгірбай би сынды кесекті бейнелерімен таңқалдырды. Таптаурындылықты жаны сүймейтін, әр рөліне жауапкершілікпен қарайтын Жанқалдыбек Төленбаевтың Шыңғыс хан бейнесі де жоғарыда аталған тізімге кіреді. Думан Рамазанның «Жошы хан» тарихи драмасындағы…
Жалғасын оқу -
«Астана Операның» асуы
«Астана Операның» XII театр маусымы жабылды. Осы маусымда спектакльдер, концерттер мен фестивальдерге шамамен 80 мың көрермен келді. Маусым премьераларының әрқайсысы айрықша оқиғаға айналды. Қазан айында көрермендер Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» премьерасы арқылы барокко операсының сиқырын сезінсе, қараша айында композитор Сыдық Мұхамеджановтың 100 жылдығына орайластырылған оның «Айсұлу» комедиялық операсының ұлттық атмосферасына бойлады. Қаңтар Nomad Inspiration ұлттық бағдарламасының премьерасымен қуантты. Бұл –…
Жалғасын оқу -
Өтпелі кезеңнің нысаналы өткелі
1993 жыл ел экономикасын тұрақтандыру мақсатындағы түбегейлі бетбұрыс жылы еді. Дегенмен кешегі кеңестер кеңістігіндегі дағдарыс, жекешелендіру, былтырдан басталған бағаны ырықтандыру шегіне жетіп, баға мемлекеттік реттеуге бағынбайтын болды. Есіл тасып барады жардан асып 1993 жыл, 12 сәуір Сол жылдың көктемінде 1970 жылдан бері қайталанбаған, болғанның өзінде де дәл осылай тасымаған Есіл өзенінің жағдайы баяндалады. Күн қатты ысып, қар тез еріп, кенеттен…
Жалғасын оқу -
Театр мен әдебиет тоғысының мәселелері талқыланды
Қазіргі қазақ театрына жаңа тыныс, жаңа сөз, жаңа көзқарас керек. Осы мақсатта Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» театры заманауи авторлар, драматургиялық ойы бар жас қаламгерлердің басын қосып, «Әдебиет пен театр тоғысы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысын өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Жобаның мақсаты – театр мен әдебиет арасындағы шығармашылық байланысты күшейту, сахнаға бейімделген драмалық шығармаларға жол ашу. Жиында қазіргі драматургияның бағыты, театр мен…
Жалғасын оқу -
Музей ісіндегі жарты жылдық жұмыс қорытындыланды
2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы Қазақстанның мәдениет саласы үшін жемісті болды. Атап айтсақ, музей саласының дамуымен, халықаралық көрмелер және мәдениет әлеміндегі маңызды оқиға – Бейжің қаласындағы Қазақстанның Мәдениет орталығының ашылуымен есте қалды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. Бүгінде Қазақстанда 270-тен астам музей жұмыс істейді. Олар еліміздің тарихи-мәдени мұрасын сақтап, жұртшылыққа таныстыратын маңызды орталық саналады. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында музейлер 817 іс-шара өткізді. Оның…
Жалғасын оқу