Мәслихат депутаттарын сайлау: астаналықтар өз сайлау учаскесін қалай біле алады

Мәслихат депутаттарын сайлау: астаналықтар өз сайлау учаскесін қалай біле алады
sailau.astana.kz

Астанада 2026 жылдың 29 қарашасы күні қалалық мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Елорда тұрғындары дауыс беретін сайлау учаскесін қазірден бастап біле алады. Осы мақсатта онлайн сервистер мен iKomek бірыңғай байланыс орталығының қызметі қолжетімді.

Сайлау күні қиындық туындамас үшін тұрғындар сайлаушылар тізімінде өз мәліметтерінің бар-жоғын алдын ала тексеріп, дауыс беретін учаскесінің мекенжайын нақтылай алады.

Өз сайлау учаскеңізді келесі тәсілдермен білуге болады:
• sailau.astana.kz ресми сайты арқылы;
• Telegram желісіндегі «Сайлау Астана» чат-боты арқылы;
• 109 нөміріне хабарласып, iKomek бірыңғай байланыс орталығы арқылы.

Сайлау күні учаскеңізге жеке басыңызды куәландыратын құжатыңызды алып баруыңыз қажет.