Мәслихат

Бюджет қаржысы қалай бақыланады?

Елорданың Байқоңыр ауданында өткен мәслихаттың көшпелі отырысы барысында депутаттар бюджет қаражатының тиімді пайдалануын бақылау шеңберінде мәселе қозғады.

Аудан әкімі Талғат Рахманберді проблемалық мәселелер мен әлеуметтік-экономикалық даму жөнінде кеңейтілген баяндама жасады. Бейнеслайдтар негізгі төрт бюджеттік бағдарлама бойынша түсініктеме құралы бола білді.

Байқоңыр ауданынан сайланған депутаттар Қанат Естек, Салтанат Женалаева және Ләззат Разбекова кезек-кезек өз сайлау округтерінің проблемасын көтерді.

Аудан әкімі және қала әкімдігінің мүдделі басқармалары мен мекемелері сауалдарына қатысты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, ескі үйлерді сүру, округтерді абаттандыру сияқты мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді.

Депутаттар қабылдаған 2035 жылға дейінгі Бас жоспарға сәйкес, Бай қоңыр ауданының реновациясына арналған жалпы аумақ 297 гектарды құрайды. Бұл процесті жүзеге асыру үшін инвесторларға 23 жер учаскесі бөлінген. Жақын уақытта бұл аумақта емханалар, медицина орталықтары, мектеп оқушыларына арналған аулалар, тұрғын үй кешендері, мектептер, скверлер және басқа да әлеуметтік нысандар салынады.

Өз тарапымнан біраз ұсыныс айттым. Біріншіден, 2025 жылғы бөлінген лимитті үнемдеу қажет екенін ескерттім. Әр бағдарлама бойынша резервтерін атап өттім. Екіншіден, екінші нақтылауға көп үміт артпау керектігін де айттым. Себебі бюджеттің артық түсімдері жылдағыдай бола қоймас деген эксперттердің пікірі бар. Үшіншіден, абаттандырудың әр тармағы – аулалар, қоғамдық кеңістіктер және т. б. бойынша қалған мөлшерді есептеп шығаруды ұсындым.

Кендебай АДАМБЕК, қалалық мәслихат депутаты

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button