Ел тынысы

Былтыр елге 15 млн-нан астам шетелдік турист келді

2024 жылы Қазақстанға 15 млн-нан астам шетелдік турист келді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сонымен қатар ішкі туризм де айтарлықтай өсті: 10 млн-нан астам қазақстандық ел бойынша белсенді саяхаттады.

Ведомство басшысы соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналғанын атап өтті. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады. Әуе қатынасы кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button