Мәдениет

«Бұрым-жыр» оқырманға жол тартты

Ұлттық академиялық кітапханада ақын, осы кітапхананың баспасөз хатшысы Лаура Палманның «Бұрым-жыр» өлеңдер жинағының таныстырылымы өтті.

Сыр елінде туып, Ақтөбе облыс­тық телеарнасында тележүргізуші, редактор болып жұмыс істеген ақын елордаға көшіп келген соң аталмыш кітап ордасына қызметке қабылданды. Кітабының шығуына орай Қызылорда және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Мейрамбек Шермағанбет пен Жолдас Батырхан құттықтауларын жолдады. Белгілі ақын, аудармашы Әсем Ережеқызы жүргізген таныстырылымда солар оқылды. Ұлттық академиялық кітапхананың басшысы Күміс Сейтова мен осы кітапхананың ғылым-хатшысы Аслан Ғафуров тілектерін жеткізді.

«Бұрым-жырдың» алғысөзін белгілі жазушы, кинодраматург, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы мен «Айбоз» ұлттық сыйлығының лауреаты Айгүл Кемелбаева жазды. Ол өз сөзінде ХІV ғасырда Петрарка жырлаған Лаура мен кітап иесінің шығармашылығын сабақтастырып, Петрарка поэзияға махаббат лирикасын алып келгенін тілге тиек етті.

Лаура Палманның өлеңдері сағынышқа тұнып тұр, Төлеген Айбергеновтің сағынышымен ұқсас. Бұл – белгілі бір адамға ғана емес, туған жерге, балалық шаққа, анаға, жалпы өмірге сағыныш. Таныстырылымда белгілі ақын-жазушылар Ұларбек Нұрғалым, Ұларбек Дәлейұлы, Құралай Омар, т. б. оның шығармашылығы туралы пікірлерін жеткізді.

Ақын өлеңдері оқылып, әндер шырқалды. Айтыскер ақын Данияр Алдаберген арнау айтты. Белгілі әнші-композитор Үкітай Ерниязов әндерін әуелетті. Лаура Палманның өлеңдеріне де әндер жазылған. Медет Салықовтың «Орамал» әнін танымал әнші Ардақ Балажанова салып берді.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button