Әлеумет

«Burabay Open» турнирінде жүлделі орындардан көрінді

Ақмола облысының Бурабай спорт базасында үстел теннисінен ашық республикалық «Burabay Open» турнирі өтті. Дәстүрлі дода ерлер мен әйелдер арасында, жас ерекшелігі мен шеберлік деңгейіне шектеусіз, жеке разрядта ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ерлер арасындағы жарыста ағайынды Герасименколардың мерейі үстем болды. Тимофей Герасименко турнир жеңімпазы атанып, алтын медаль иеленсе, Александр Герасименко қола жүлдеге қол жеткізді.

Әйелдер бәсекесінде елордалық спортшылар сәтті өнер көрсетті. Малика Сандыбаева күміс медальға ие болса, тағы бір елордалық спортшы Әлия Абжанова үздік үштікті түйіндеді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты марапаттау рәсіміне Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Қарауылов қатысты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button