Ел тынысы

Бұл бастама – ел ертеңіне бейжай қарамайтын қоғамның таңбасы

Жарияланған Конституцияның жаңа жобасы – өткенге байыппен қарап, ертеңге нық қадам жасауға мүмкіндік беретін тарихи кезең.

Конституциялық комиссия кемінде жарты жыл бойы жүйелі, мұқият жұмыс жүргізіп келеді. Сарапшылар, заңгерлер, қоғам өкілдері қатысып, әр ұсыныс сүзгіден өтіп, әр бап қайта қаралуда. Нәтижесінде қазіргі заман талаптарына жауап беретін, мазмұны терең, құрылымы нақты құжат дайындалды.

Жаңа жоба ең алдымен адамды, оның құқықтары мен қадір-қасиетін мемлекеттің басты құндылығы ретінде алға қояды.

Ғылым мен білімнің рөлі, мәдениет пен инновация, шығармашылық пен зияткерлік әлеует, ұлтаралық келісім, заманауи ұлттық рух пен бірегейлік, демократиялық мазмұндағы жаңа саяси институттар — Кұрылтай мен Халық кеңесінің орны нақты айқындалған.

Әділеттілік, Заң мен Тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілді.

Бұл бастама – ел ертеңіне бейжай қарамайтын қоғамның таңбасы. Осы жолда ең сенімді күш – бірлігі бекем, ойы сергек ел.

Есет БАЙКЕН, 

Астана қаласы әкімінің орынбасары 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button