Қоғам

Бүлдіршіндер мерекесі

Астанадағы мамандандырылған балалар үйінде «Бала күлкісі – әлемнің көркі» атты іс-шара ұйымдастырылды. Мереке қарсаңында бүлдіршіндер ертегі кейіпкерлерімен бірге өнер көрсетіп, шат-шадыман көңіл күйге бөленді.

Жыл сайын өтетін іс-шараның басты мақсаты – ата-ананың қамқорлығынан айырылған балалар мен ерекше қажеттілігі бар бүлдіршіндердің жүзіне күлкі, жүрегіне жылулық сезімін сыйлау. Жаздың алғашқы күніне сәйкес келген бұл іс-шара балаларға деген ерекше ықыластың, сүйіспеншілік пен қамқорлықтың көрінісі болды.

– Біз жыл сайын балаларға арнап олардың жан дүниесін махаббатқа бөлеу үшін осындай іс-шараларды өткізіп отырамыз. Күні бүгінге дейін арнайы оңалту жүргізіледі. Ерекше балалармен жұмыс істеудің өз ауырт­пашылығы мен жеңілдігі бар. Мерекелік іс-шараға дайындық осыдан 1 ай бұрын басталып, бәрі ойдағыдай әрі тамаша өтті, – дейді орталықтың тәрбиелеушісі Ақжарқын Сейдазимова.

Мерекелік қойылымды балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тәрбие­шілері балалармен сахналап, көрермен жүрегін елжіретті. Сонымен қатар эстрада жұлдыздары да өз өнерін ортаға салды.

– Орталығымыз 1981 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Тұрақты серіктестеріміздің қатарында «ҚТЖ» ҰК» АҚ, отандық эстрада жұлдыздары және түрлі қайырымдылық қоры бар. Стационарға келетін балалардың саны азайып, көбінесе күндізгі бөлімде балалар көбейіп жатыр. Түрлі іс-шараны өткізу арқылы періште көңіл жандарға жайма-шуақ көңіл күй, бақытты шақ сыйлауға әрекеттеніп жатырмыз, – деді «Нұрлы жүрек» әлеуметтік орталығының директоры Ғалия Абенова.

Жансая АЛМАХАН,
Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button