Құқық
		
	
	
Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі

Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Бұл мереке елімізде жыл сайын  6 желтоқсанда тойланады. Прокуратура —  қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайту жолындағы мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі. Оның міндеттеріне, ең алдымен, адамның құқықтары мен бостандығын қорғау, қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың мүдделерін қорғау кіреді.
Прокуратура қызметкерлерінің кәсібилігі — қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімі мен әділеттілікті сақтаудың кепілі.
 
				


