Бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке 6 ақпан күні өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Жәрмеңкені Астананың Жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы, Еңбек мобильділігі орталығы және Сарыарқа ауданының әкімдігі бірлесе ұйымдастырады.
Жұмыс іздеушілерге арналған іс-шара 6 ақпанда сағат 11:00-де «Тұран Астана» университетінде өтеді.
Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыссыз азаматтар, білім беру ұйымдарының түлектері және жастардың жұмысқа орналасуына қолдау көрсету, яғни жұмыс беруші мен үміткер арасындағы тікелей байланыс арқылы көмек көрсету.
Жәрмеңке барысында жұмыс берушілер компанияларын таныстырады, бос жұмыс орындарын ұсынады және өздеріне ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Ал үміткерлер HR-менеджерлермен сөйлесіп, сұхбаттасудан өтіп, қызықтырған сұрақтарын қоя алады.



