Ел тынысы

Бопсалаумен айналысқан қылмыстық топтардың әрекеті тоқтатылды

Астана қалалық полициясының жедел іс-шараларының нәтижесінде еліміздің әртүрлі өңірінен қылмыстық жолмен баю мақсатында келген бірнеше қылмыстық топтың әрекеті тоқтатылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маусым айының басында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалау және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар үш ұйымдасқан топтың мүшелерін ұстады. Олар елорда аумағында заңсыз әрекеттерді жүзеге асыруға тырысқаны анықталды.

– Бір эпизодта күдіктілер азаматтарды қару қолданамыз деп қорқытып, 10 миллион теңгеге дейін ақша бопсалаған.

Тағы бір жағдайда қаладағы базарлардың бірінде кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалау арқылы олардың қызметіне көлеңкелі бақылау орнатпақ болған.

Тергеу шаралары барысында травматикалық және суық қару, оқ-дәрілер, сондай-ақ қылмыстық схемаларда қолданылған болуы мүмкін микрокаржы ұйымдарының құжаттары тәркіленді. Барлық күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button