Бокстан Испаниядағы турнирде 6 алтын медаль иеленді

Испанияның Ла-Нусия қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Boxam Elite халықаралық турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстан ерлер құрамасы 5 алтын, 3 күміс пен 4 қола жүлдеге ие болса, әйелдер командасы 1 алтын, 2 күміс, 2 қолаға қол жеткізді.
Біздің жүлдегерлер:
Алтын – Санжар Ташкенбай (-50 кг)
Алтын – Махмұд Сабырхан (-55 кг)
Алтын – Төрехан Сабырхан (-70 кг)
Алтын – Нұрбек Оралбай (-85 кг)
Алтын – Айбек Оралбай (+90 кг)
Алтын – Умида Садықова (+80 кг)
Күміс – Аман Қонысбеков (-70 кг)
Күміс – Сағындық Тоғамбай (-90 кг)
Күміс – Нұрасыл Асылхан (+90 кг)
Күміс – Назерке Серік (-65 кг)
Күміс – Панар Сейітханқызы (+80 кг)
Қола – Нұрзат Оңғаров (-50 кг)
Қола – Нұрбек Мұрсал (-70 кг)
Қола – Тимур Нұрсейітов (-75 кг)
Қола – Азамат Бектас (-80 кг)
Қола – Элянур Турганова
Қола – Гузаль Садықова
Биыл 40-рет өткен бәсеке Қазақстан ерлер командасы үшін Нұржан Насановтың жетекшілігімен барған алғашқы турнир болды.
Жалпы «Boxam Elite» жарысына Қазақстан ерлер командасы сапында 10 салмақта 18 боксшы, әйелдер командасы 9 салмақта 14 былғары қолғап шеберін алып барды. Дәл осындай көп құраммен Украина мен Англия да қатысты.



