Ел тынысы

Бойжеткен су саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен ерекше құттықтады

Қонаев қаласының тұрғыны, экстремалды спорт түрлерімен айналысатын Леся Колесниченко Су шаруашылығы қызметкерлері күніне орай бейнеролик жариялады. Ол қазақстандық сушыларды флайбордта би билеп құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Лесияның айтуынша, бұл әрекеті арқылы ол еліміздегі су нысандарын сақтап қалу жолында еңбек етіп жүрген сала мамандарына алғысын білдіргісі келген.

«Бүгін елімізде Су шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өтіп жатыр. Өмірім мен сүйікті ісім су стихиясымен тығыз байланысты болғандықтан, бұл күнге бейжай қарай алмадым. Күн сайын мыңдаған су шаруашылығы қызметкерлері еліміздің әсем көлдері мен өзендерін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп келеді. Алғысымды білдіріп, сушыларды кәсіби мерекесімен құттықтағым келді. Әрине, өзім үшін ыстық жер – Қапшағай су қоймасында! Әрбір су маманының еңбегін ерекше бағалаймын және баршаңызға бақыт, зор денсаулық пен табыс тілеймін!», – деп жазды бойжеткен Instagram парақшасында.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button