Қоғам

Бөбектерге нұрын шашқан

Тәлімнің алғашқы баспалдағы, шат-шадыман қуаныш пен алаңсыз күндердің мекені – балабақша. Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында астаналық бүлдіршіндерді ерте жастан еңбекке баулып, өнер-білім үйретіп жүрген тәрбиешілерге аналық алғысымды жеткізуді адамдық борышым деп санадым.

Мамыражай мамырдың соңғы күндерінде «Нұр бөбек» балабақшасындағы «Арыстандар» мектепалды даярлық тобының қызғалдақтай қыздары мен тұлымды ұлдары қоштасу кешінде бірнеше жыл бойы алған тәрбиесін, үйренген білімін көрсетіп, ән салып, би билеп, өлең оқыды. Ақ тілектері, өздері кішкентай болса да, таудай талаптары қалың көрермен боп жиналған ата-аналардың, білім саласы қыз­меткерлерінің жүрегіне жетті. Осы орайда балапандарымызға бар мейірім-шуағын төккен, сәт сапар тілеген, дипломдар мен естелік суреттер табыстаған балабақша меңгерушісі Айнұр Құрманбайқызына, осы салада 15 жыл еңбек етіп жүрген білікті педагог, «Арыстандар» тобының жетекшісі Индира Сайлауқызына, жалпы ұжымға өзімдей бір топ ата-ана атынан алғыс айтқым келеді. Балаларға жайлы орта қалыптастырып қана қоймай, оларды қоғамға бейімдеп, жұдырықтай ғана жүректеріне патриоттық сезім ұялатып, әке-шешесінің күн ұзақ жұмыс істеп жүргенін байқатпай, еркеліктерін көтере білген елордалық балабақша қызметкерлерінің адал еңбегі әрдайым лайықты бағасын ала берсін.

Айсауле ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ,
ата-ана

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button