Ел тынысыСаясат

Бизнес үшін жаңа Конституция жобасында «Әділетті Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» қағидаттарын бекіту маңызды

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Назира Үсенова түзетулерді талқылауға қоғамның белсенді қатысуы ашық және заманауи мемлекетті қалыптастырудың негізгі факторы ретінде қарастырылатынын атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Оның айтуынша, азаматтардың құқықтарын нығайту, адами капиталды дамыту және мемлекеттік басқарудың ашық жүйесін құруға баса назар аударылған. Іс жүзінде әділдікті қамтамасыз ететін және мемлекеттік органдардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыратын институционалдық тетіктерді енгізуге баса назар аударылуда.

Бизнестің мүдделері мен құқықтарын қорғайтын ұйым үшін, біз үшін заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейтуге, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығын және іс жүзінде шынайы әділдікті арттыруға бағытталған “Әділетті Қазақстан» және “Заң мен тәртіп” қағидаттарының Конституция деңгейінде бекітілуі маңызды рөл атқарады, — деді Назира Үсенова.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button