Айтпайын-ақ деп едім!

Біз неге кешігіп жүреміз?

(Нобель алған соң ғана қаламгермен танысқаннан не пайда?)

Биылғы Нобель әдеби сыйлығы венгр жазушысы Ласло Краснахоркаиға берілді деген жаңалық шыға салысымен қазақ оқырмандары «Бұл кім өзі?» деп таңырқап, интернеттен ол жайлы дерек іздей бастады.

Сөйтсек, оның кітаптары әлдеқашан ағылшын, неміс, француз, жапон, қытай, орыс сияқты әлем тілдеріне аударылған екен. Оқырмандарына да жақыннан таныс. Ал біз оны Нобель алғасын таныдық.

Неге біз бір авторды тек Нобель алған соң ғана танимыз?

Неге әлем мойындап Нобелін беріп болғасын біз мойындауымыз керек?

Неге сол автордың кітабы бізге дейін жапон оқырманына, қытай сыншысына, француз баспасына жетіп үлгереді де, бізге жолы кеш түседі? Бұл жай ғана ақпараттың кешеуілдеуі емес. Жалпы оқырманның оның ішінде біздің жазушыларымыздың артта қалып жатқандығының бір себебі де осында.

Бұл Қазақстанда әлем әдебие­тін қазақ тіліне аудару ісі өте баяу және жүйесіз жүретіндігін көрсетеді.

Бұл – оқырман мен баспа ісінің, жалпы мәдени саясаттың өте баяу шылаушыннан да жансыз жүріп жатқандығының көрінісі.

Ал әлемге белгілі жазушыны Нобель алғасын барып біздің тануымыз бізді үнемі ақпараттан кешіктіріп, әдеби ағымның шетінде қалдырып отыр.

Бір-ақ ауыз сөзбен айтқанда, Қазақстанда шетел әдебиетін аудару, әсіресе заманауи жазушыларды аудару ісі көп жағдайда жеке бастама деңгейінде ғана қалып отыр. Жүйелі қолдау жоқ, әдеби аударма мектептері әлсіз, мамандар аз. Кәсіби аудармашылар шетел тілдерінен, әсіресе қытай, неміс тілдерінен қазақшаға тікелей аударуға мүмкіндік ала бермейді. Оның орнына көбіне орыс тілі арқылы аударылады, бұл – өз алдына бөлек мәселе. Ал кітап баспалары үшін заманауи жазушылардың кім екенін анықтап, оны қазақшаға сапалы аудару – уақыт, еңбек және қаржы талап ететін күрделі процесс. Сондықтан олар кепілді сұранысы бар классиктерге немесе атағы шыққан авторларға ғана жүгінеді. Мұны ретке келтіретін кез келді деп ойлаймын.

Шапағат ӘБДІР

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button