Білім

Биыл оқу жылы 2 қыркүйекте басталады

30 тамыз Конституция күні мерекесіне орай жаңа оқу жылын бастау күні ауысып отыр. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

– Жыл сайын оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Бірақ, биыл оқу процесі 2 қыркүйекте басталады. Білім күніне орай салтанатты жиынды өткізу күні мен уақыты мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен айқындалады,- дейді Ғани Бейсембаев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, қазақстандықтар тамыз айында күнтізбеге сәйкес демалады. Одан бөлек, айтулы мереке 30 тамыз — Конституция күні келе жатыр.

Конституция күніне байланысты қазақстандықтар:

— бес күндік жұмыс аптасында қатарынан үш күн демалады: 30, 31 тамыз және 1 қыркүйек (сенбі, жексенбі, дүйсенбі);

— алты күндік жұмыс аптасында — екі күн демалыс 30 және 31 тамыз (сенбі, жексенбі).

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button