Ел тынысы

Бірлік пен келісім Қазақстан мемлекеттілігінің іргетасы ретінде бекітілмек

Жаңа Конституцияның жобасында бірлік пен қоғамдық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің берік іргетасы ретінде айқындалды, деп хабарлады astana-akshamy.kz..

Құжатта бұл ұстаным елдегі тұрақтылық пен ұлттық тұтастықты қамтамасыз етудің басты тетігі ретінде қарастырылады.

Конституция жобасына сәйкес, азаматтардың теңдігі, өзара құрметі және жауапкершілігі құқықтық мемлекеттің негізін құрайды. Этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі ретінде бекітіледі.

Сонымен қатар құжатта бірлік пен келісім қағидаттары қоғамды ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіруге бағытталғаны атап өтіледі. Бұл ұстанымдар Қазақстанның тұрақты дамуы мен демократиялық жаңғыруына берік негіз қалайды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button