Әлеумет

Бірлік пен достық мерекесі

Достық үйінің алаңында   «Қош келдің, әз Наурыз»  атты мерекелік көңіл күй сыйлаған ауқымды іс-шара өтті. Оған  дипломатиялық өкілдіктердің елшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясының, Астана қаласы әкімдігінің,   мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, елордалық ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жиынның ашылу салтанатында сөйлеген Астана қаласының ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдәулет Әлмұханов жиналған қауымды құттықтап, халқымыздың рухани жаңғыру мерекесінің татулық пен бірліктің символына айналғанына тоқталды.

Астаналық ақсақалдар атынан Халық қаһарманы, генерал – лейтенант Бақытжан Ертаев елдің амандығын тілеп, көктем шуағының жүректерді жылытып игі істерге бастауына болсын деген тілегін білдірді.

Бұл күні Достық үйінің шаршы алаңы қонақтарға толы болды. Мерекелік концерттік және ойын-сауық бағдарламасымен қатар арнайы тігілген киіз үйлер мен алтыбақан наурыз мерекесінің көркін кіргізді. Қазандарда наурыз көже қайнап жатса, ұлттық ойындарға да кезек берілді.   Қол күрес, қазақша күрес, асық ату, гір көтеру сияқты ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өз жеңімпаздарының мерейін үстем қылды. Жеңімпаздары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Бұл өз кезегінде ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттырып, жастардың белсенділігін көтерді. Ұлттық дәстүр мен руханиятымызды ұлықтаған осынау жиын ел бірлігін, келісім мен бірліктің жасампаз үлгісіне айналды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button