Ел тынысы

«Бірлігіміз – әралуандықта»

Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бірлігіміз – әралуандықта» деген тұжырымдамасы – Қазақстан қоғамының рухани негізін айқындайтын, терең мағынаға ие стратегиялық ұстаным. Бұл сөздер көпұлтты әрі көпконфессиялы мемлекетіміздің даму бағытында тұрақтылықтың, татулықтың және өзара құрметтің басты кепілі екенін нақты көрсетеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Әралуандықты қабылдау мен әртүрлілікке құрмет көрсету – еліміздің әлеуметтік және мәдени өмірінде үйлесімділікті қамтамасыз ететін маңызды фактор. Мұндай ұстаным қоғамдағы сенім мен бірлікке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәрежеде құрметтеуге, сондай-ақ тарихи дәстүрлер мен заманауи құндылықтарды үйлесімді ұштастыруға мүмкіндік береді.

Қазіргі уақытта Жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқылануда. Әрбір азамат өз пікірін ашық білдіріп, заң жобасының әрбір бағытына қатысты ойларын ортаға салып жатыр. Бұл талқылауларда әртүрлі көзқарастар мен пікір қақтығыстары кездесетіні заңдылық. Бұл- заң жобасының сапалы талқылануына ғана емес, сонымен қатар ел бірлігін нығайтуға, әртүрлілікті құрметтеуге және Қазақстанның тұрақты даму жолындағы стратегиялық мүдделерін қорғауға да нақты үлес қосады.

Сонымен қатар, бұл процесс азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті және қоғамдық диалогты дамытудың үлгісі бола алады. Әрбір пікір, әрбір ұсыныс – мемлекетіміздің демократиялық даму жолындағы маңызды қадам. Сол себепті, талқылауға қатысушылар салмақты, ойлы және жан-жақты көзқарас танытуға тырысуы қажет. Бұл – заңның сапалы қалыптасуына ғана емес, сонымен бірге Қазақстан қоғамының тұрақтылығы мен бірлігін сақтаудың маңызды шарты болып табылады.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button