Қоғам

Бірегей QR-код цифрлық төлемдер нарығындағы әділ бәсекеге жол ашады 

Қазақстанда енгізіліп жатқан банкаралық бірыңғай QR-код қаржы нарығының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды бастама болды. Бұл шешім төлем инфрақұрылымдарын біріктіріп, банктер мен финтех-компаниялар арасындағы шекараны жояды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сарапшылардың айтуынша, бірегей QR – жай ғана техникалық жаңалық емес, төлем нарығын шынайы интеграцияланған және әділ экожүйеге айналдыратын фактор болмақ.

Экономист Гүлнар Әбдіқадірова бірыңғай QR енгізу тек ыңғайлылық емес, сонымен қатар экономикалық ашықтыққа жол ашады деп есептейді.

«Төлемдердің бір форматқа келуі көлеңкелі операциялармен күресте маңызды рөл атқарады. Транзакциялардың толық ізі қалдырып отырады, ал бұл салықтық және қаржылық ашықтықты арттырады. Бұл бастама елдің жалпы қаржы мәдениетін жаңа деңгейге шығарады», – дейді сарапшы.

Қазақстанда енгізіліп жатқан банкаралық бірыңғай QR-код қаржы нарығының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды бастама болды. Бұл шешім төлем инфрақұрылымдарын біріктіріп, банктер мен финтех-компаниялар арасындағы шекараны жояды.

Сарапшылардың айтуынша, бірегей QR – жай ғана техникалық жаңалық емес, төлем нарығын шынайы интеграцияланған және әділ экожүйеге айналдыратын фактор болмақ.

Ал қаржы сарапшысы Эльвира Рузиева бұл бастаманың артықшылықтарымен қатар белгілі бір тәуекелдерді де ескеру қажет екенін айтады.

«Бір орталықтандырылған жүйеге көшу киберқауіпсіздікке жоғары талап қояды. Себебі кез келген ақау немесе деректердің сыртқа шығуы бүкіл нарыққа әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, біздің нарықта негізгі қатысушылар саны шектеулі болғандықтан, төлем инфрақұрылымының монополизациялану қаупі бар. Сондықтан мұндай жүйе барынша ашық, тең қолжетімді және қауіпсіз болуы тиіс», – дейді ол.

Бұл тақырып Central Asia Fintech Summit аясында өткен талқылауларда да кеңінен көтерілді. Саммиттің ашылуында сөйлеген сөзінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов Қазақстанның цифрлық қаржы экожүйесі айтарлықтай дамығанын атап өтті. Соңғы бес жылда халықтың қолма-қолсыз төлемдері он еседен астам өскен, ал төлем айналымының 90 пайызы онлайн форматқа ауысқан.

Ұлттық Банктің банкаралық төлем жүйелері елдегі барлық электронды операциялардың 90 пайызын өңдеп, биылдың өзінде транзакциялар көлемі 1 квадриллион теңгеден асты.

Сүлейменовтің айтуынша, бүгінде негізгі қаржылық қызметтердің барлығы – клиентті онлайн тіркеу, шот ашу, несие рәсімдеу, төлем мен аударым жасау, мемлекеттік қызметтерді алу – цифрлық форматта іске асырылады. Мұндай ауқымды өзгерістер цифрлық сенімді арттырып, халықтың қаржы секторына қатысуын жеңілдетті.

Сарапшылар бұл процестің қисынды жалғасы ретінде бірыңғай QR-кодты атайды. Бұл тек техникалық шешім ғана емес, нарық қатысушыларының бәрін тең дәрежеде бәсекелестік алаңына шығаратын құрал. Бұрын әрбір экожүйе өз клиенттік базасын жеке ұстауға тырысса, енді ортақ стандарт барлық ойыншыларға бірдей мүмкіндік береді.

Осылайша, бірыңғай QR-код Қазақстанның қаржы экожүйесін жаңа сапаға шығаратын жүйелі қадамға айналып отыр. Бұл бастама бизнес үшін – тиімділік пен үнем, банктер үшін – стандартталған процестер мен шығындарды азайту, ал тұтынушылар үшін – қолайлылық пен қауіпсіздік.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button