Елорда тынысы

«Бір ел – бір кітап» акциясы қорытындыланды

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясының комиссия отырысы өтті. Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер мен кітапхана басшылары қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Комиссия отырысында 2025 жылғы акция қорытындыланып, 2026 жылы ел бойынша оқылатын кітап анықталды. Жабық дауыс беру нәтижесінде көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» атты тарихи романы таңдалды.

Сонымен қатар, қатысушыларға кітапхана әзірлеген мета-көрме ұсынылды, ол заманауи форматта акцияның мазмұнын бейнелейді.

Айта кетейік, «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы 2007 жылы ұлы Абайдың қара сөздерін оқудан басталды. Осы уақытқа дейін 53 классик ақын-жазушының туындылары кеңінен таныстырылып, елімізде 100 мыңнан астам мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Ұқсас жаңалықтар
Close
Back to top button