«Білімім – Отаныма!»

Астана мектептерінде оқу жылының қорытындысы ретінде «Білімім – Отаныма!» атты сынып сағаттары өтті, деп хабарлайды https://www.astana-akshamy.kz/
2024-2025 оқу жылының аяқталуына орай Астана қаласының барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Іс-шаралар оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарына негізделді.
Сынып сағаттары барысында оқушылар «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп», «Адал азамат» бағыттарында эсселер жазып, өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, жазғы демалыс кезеңінде оқуға ұсынылатын кітаптар тізімі ұсынылып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді ұйымдастыру, қосымша білім беру ұйымдарының маңызы мен еңбек дағдыларын дамыту бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Айта кету керек, 2024-2025 оқу жылында Астана мектептерінде барлығы 288 531 оқушы білім алды. Оның ішінде:
• Мемлекеттік 115 мектепте – 236 956 оқушы,
• Жекеменшік 74 мектепте – 45 014 оқушы,
• Республикалық 7 мектепте – 6 561 оқушы.
Биыл елорда мектептерін 11-сынып бойынша 14 274 түлек, 9-сынып бойынша 24 479 оқушы аяқтайды.
Сондай-ақ, 444 оқушы «Алтын белгіге», ал 1 087 оқушы үздік аттестатқа үміткер ретінде тіркелді.
Аталған сынып сағаттары оқушылардың білімге деген ынтасын арттырып, елжандылық рухын нығайтуға сеп болды.