Елорда тынысы

Білім ордасындағы алма бағы

Елордадағы №43 қосымша білім беру мектебінің оқушылары мен ұстаздары өз қолымен алма бағын отырғызып, баптап өсірді. Биыл олар 60 келіден астам өнім жинады. Баққа «Жасыл ел» жасағының мүшелері де күтім жасады.

«Мектебіміздің ауласында өсірген алмаларымызды теріп жатыр­мыз. Мұнда төрт түрлі сорттағы 30-дан астам ағаш отырғызылған. Қатты аяз кезінде бақтың жартысынан айырылып қала жаздадық, бірақ көктемде оқушылар үсік шалған алма ағаштарын қайта қалпына келтіруге кірісті. Міне, енді себетімізге 60 келіден астам алма жиналды. Бұл – оқушыларымыздың, ұстаздарымыздың және «Жасыл ел» жастарының еңбегі. Баққа күтім жасау, еңбегіміз «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында жүзеге асуда. Сондықтан балаларымыздың жауапты әрі еңбекқор болып өсіп келе жатқанына қуанып отырмыз» деді мектеп директоры Руслан Тәкебаев.

Ірі экологиялық бағдарлама жас ұрпақтың бойында табиғатқа деген саналы және ұқыпты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған. Бүгінде бақшада биология, еңбек, дүниетану пәндері бойынша сабақтар, сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар мен шеберлік сабақтары өтеді. Соңғы 3 жылда мектеп 15 ірі экологиялық акция ұйымдастырды.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button