Ел тынысыЕлорда тынысыСаясат

Білім басқармасында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлының төрағалығымен Конституцияның жаңа жобасы талқыланды. Жиынға бөлім басшылары мен білім беру ұйымдарының жетекшілері қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Басқарма басшысы Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерге тоқталып, олардың білім беру жүйесіне тікелей әсерін атап өтті. Атап айтқанда, әрбір азаматтың сапалы білім алуға конституциялық құқығын нығайту, білім беру ұйымдарының академиялық еркіндігін кеңейту, педагог мәртебесін арттыру және балалардың қауіпсіз әрі қолайлы білім ортасында оқуын қамтамасыз ету мәселелері кеңінен сөз болды.

Сондай-ақ жиында білім беру саласындағы заңнамаларды Конституциядағы жаңа нормаларға сәйкестендіру, инклюзивті білім беруді дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасының алшақтығын азайту бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button