Ел тынысы

Бет-жүзін жасырғандар айыппұл арқалайды

Бет-жүзін жасырған қазақстандықтарға айыппұл бар екені ескертілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Заңға сәйкес елімізде бет-әлпетін толықтай жабатын киім киюге тыйым салынған. Егер әлдекім бұл тәртіпті елемесе, алдымен ескерту жасалады, оған да бағынбаса 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ішкі істер министрлігі өкілдері мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін жасалған қадам екенін жеткізді.

-Бұл бетті толығымен жауып тұратын кез келген киімге қатысты болуы мүмкін, мәселен, бұлар никаб, балаклава немесе дәрігердің жазбасынсыз медициналық бетперделер. Мұндай заттар бейнебақылау жүйесінің жұмысына кедергі келтіріп, адамның жеке басын тану, бет әлпетті анықтау сияқты жүйелер жұмысын артқа тартады және қылмысты дер кезінде ашуға мүмкіндік бермейді, — дейді ҚР ІІМ баспасөз хатшысы Шұғыла Тұрлыбек.

Министрлік мұндай шектеудің беті ашық тұратын басқа діни киімдерге қатысы жоқ екенін айтты. Қоғамдық орында адамның жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға былтыр Президент қол қойып, күшіне енген еді.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button