Ел тынысыСаясат

Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында жаңа Конституция жобасы түсіндірілді

Бүгін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында ұжым қызметкерлерінің қатысуымен жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Маңызды жиында қызметкерлерге «Ұлттық құндылықтар академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегері Әділхан Дүйсебек жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Әділхан Төлегенұлы жаңа Конституция жобасындағы негізгі қағидаттарға, преамбуладағы өзгерістерге, сондай-ақ бірқатар баптардың мазмұнына кеңінен тоқталды. Ол ұсынылып отырған өзгерістердің ел дамуы мен қоғамдық тұрақтылықты нығайтудағы маңызын атап өтті.

Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сауалдарын қойып, мазмұнды пікір алмасу өрбіді. Жиын соңында Әділхан Дүйсебек барша ұжымды 15 наурыз күні өтетін ел тарихындағы маңызды шараға белсенді түрде қатысуға шақырды.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button