Бельгиялық журналист Қазақстанның туризм елшісі атанды

Қазақстанның Бельгиядағы елшілігінде «Қазақстан Республикасының туризм елшісі» құрметті миссиясы табысталды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Роман Василенко «Kazakh Tourism» ұлттық компания атынан «ҚР туризм елшісі» құрметті миссиясын журналист Дерья Сойсалға тапсырды. Медиа өкілі халықаралық басылымдармен белсенді ынтымақтасып, еуропалық оқырмандарды біздің елімізбен таныстырады.
Атап өткен жөн, 2018 жылы Kazakh Tourism Қазақстанға туристік бағыт ретінде халықаралық қызығушылықты арттыруға бағытталған «ҚР туризм елшісі» бағдарламасын қолға алды. Оған шетелдік туризм индустриясы, мәдениет пен білім саласының өкілдері, медиа және цифрлық кеңістіктегі мамандар қосылуда. Бұған дейін құрметті миссияны Димаш Құдайберген, жапон блогері Юдзи Натсума және ҚХР инфлюенсері Таотао қабылдады.



